Жуырда кеше ғана балалар бақшасы тәрбиеленушілері-бүгінгі бірінші сынып оқушыларына алғашқы қоңырау соғылды. Балалар бақшасы қабырғасындағы алаңсыз балғын шақ артта қалып,қиындығы мен қызығы мол мектеп өмірі басталды.
Алғашқы оқу жылы тек балалар үшін ғана емес, сонымен қатар атаналарға да қиын кезең.Біреулер үшін мектеп өмірінің алғашқы күндері еш қиындықсыз өтсе, ал кейбіреулері үшін машақаты көп,мазасыз күндер.Мектеп табалдырығын аттаған баланың жаңа өз міндеттері бар.Олар:тәртіптілік,сабаққа уақытында келу, жауапкершілік, жинақылық,ұқыптылық т.с.с.Ал осындай қиыншылыққа қарамастан біздің мектепке балалар тез үйреніп кетеді.Бұл туралы тек қана оқушылар емес,сонымен қатар ата-аналардың да айтары осы.
Әлия Оразбаеваның анасының сөзінен: «Менің қызым 7жасқа толмаса да, мектепке баруды ұнатады. Сабаққа ынталы дайындалады. Мектептің ұнайтыны соншалық,тіпті демалыс күндері де мектепке кегісі келіп тұрады.Оған мұғалімдері,сыныптастары ұнайды,жаңа достар тапты.»
Шабанбай Әлішердің анасы: «Менің балам мектепке қуана барады,барлық пәндер ұнайды. Сабақтан келісімен мектепте не істегендері туралы міндетті түрде айтады және мектепке барғысы келеді.»
Жаһангер Көшербайдың анасы: «Менің балама мектеп ұнайды, осында ол ең жақын дос тапты.Үйде уақытында сабағын орындайды,менің ойымша, жаңа ортаға бейімделу жақсы өтті».
Мұғалімдер мен ата-аналардың айтқандарын психологтардың зерттеулері растайды.
Бірінші сынып оқушыларына ата-аналар мен ұстаздардың атынан оқуда табыс тілейміз!