Телефон доверия
8 (7182) 200036
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 200880
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Астана – еліміздің жүрегі»
18-11-2013 09:44
«Астана – еліміздің жүрегі»

Қүзгі демалыста 4 «В» сынып оқушылары еліміздің ел ордасына бір күндік саяхатқа барып келдік. Біздің саяхатымыздың тақырыбы «Астана – еліміздің жүрегі».  Саяхатқа шығу «Атамекен» туристік компаниясымен ұйымдастырылды. Астанаға келісімен бізді топ жетекшісі автобуспен қарсы алды. Автобусқа жайғасқаннан кейін, Астана қаласы бойынша саяхат басталды. Кафеде үш реттік тамақтану ұйымдастырылды. Есіл жағажайымен, Отанды қорғау монументімен, ел ордамыздың саябақтары мен скверлермен, Ақ Орда Ел басының резиденциясымен, ел орда алаңымен, Нұр Астана мешітімен таныстық. Сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздігінің белгісі ретінде Бәйтерекке саяхатқа шықтық. Бейбітшілік және келісім сарайына бардық. Қазақстан Республикасының ел басының мұражайына саяхатта болдық. Думан мәдени сауықтыру орталығына бардық. Акиянариум, «Джунглий» атты  интерактивті орталықта саяхатта болдық. Қай жерде болмасақ та, оқушылар жақсы көңіл күймен қабылдады. Осының бәрі бейнетаспаларға, суретке түсірілді. Оқушылар Отанымыздың астанасы туралы көптеген мағлұматтар жинады. Балалар жақсы демалып, жаңа күшпен сабаққа кірісті.