Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Рәміздер-ел беделі»
05-06-2014 06:23
«Рәміздер-ел беделі»

Павлодар қаласы №17 ЖОББСОБМ  жазғы сауықтыру- профилді лагерінің «Жұлдыздар» тобында ҚР-ның Рәміздер күні мерекесіне орай «Рәміздер-ел беделі» атты  танымдық  сайыс өтті.

 Мақсаты:
• Танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту.
• Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

 Сайысқа 5-8 сынып оқушылар қатысып, өз біліктерін ортаға салды. Сайыс 6 айналымнан құрылды. Оқушылар төмендегі айналым  бойынша сайысқа  түсті.

1 - айналым. «Сіз білесіз бе?»
2 - айналым. Сиқырлы суреттер
3 – айналым. Капитандар сайысы
4 – айналым. «Адасқан әріптер»
5 – айналым. Ән жұмбақ
6 – айналым. Жүзден жүйрік.

Оқушылар «Тулар» және «Таңбалар»  деген екі топқа бөлінді. Топ басшыларын өздері сайлады. «Таңбалар» тобын  Шерниз, «Тулар» тобын  Алмас  бастаған  қырандар бастап додаға түсті.

Сайысқа өздерінің  ұйымшылдығымен  тез ойлау, нақты жауап  беру арқылы .Шерниз бастаған «Таңбалар» тобы  суырылып алға  шықты.

Өз білімдерімен  көзге  түскен  оқушылар: Шернияз,Ерқанат,Ерасыл,Дияр,Динара, Батырхан,Әліда,Азиза.

Сайыс  барысында ұйымдастыру қабілетімен дараланған оқушыларға алғыс жарияланды.Олар: жүргізушілер:Гүлвира және Мәлика.

Әділ қазылар қызметінде әділ  төрелік еткендер: Диляра мен Еламан.

Музыкалық сүйемелдеуде диджейқызметін атқарғандар:Азиза және Айжан.

Іс шараны ұйымдастырған : «Қызықты бекет»  тобының жетекшісі: Б.Хажихан