Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мерекеге рахмет!
08-10-2014 10:34
Мерекеге рахмет!

Біздің мектепте педагогикалақ еңбек ардагерлерін құттықтау жақсы бір салтқа айналған.Міне, бүгін де,әсем безендірілген мәжіліс залында отыз шақты ұстаздар өздерінің сүйікті мектептерінде жиналды.

Людмила Ивановна, Гуля Жангожиновна, Кундуз Камалиевна, Татьяной Дмитриевна  және  де басқа әріптестерімізбен кездесу жылылық пен қуаныш әкелді.Кейін мектеп ұстаздары мен оқушылар ұжымының дайындаған тамаша концертін тамашаладық.Кішкене жүргізушілердің сөйлегендері,ұстаздық мамандығының қыр-сырын ашуы,қатысушылардың әсерлі костюмдері,ұстаз бен жоғары сынып оқушыларының дуэті өте таңғалдырды.Музыкалық аспаптағы әуен биге,оқылған өлеңдер әнге және мектеп өміріндегі сахналық көрініске айналып жатты.Әр түрлі эстрадалық жанрдағы әндерді  бастауыш сынып оқушыларынан бастап жоғары сынып оқушыларына дейін орындап шықты.Қызығушылықпен қарай отырып ,біздің мектептің  өмірі қызыққа толы екенін түсіндік.Мәжіліс залында ашық микрофон жұмыс істеді, соның арқасында жоғары сынып оқушылары дайындаған сұрақтар арқылы ұстаздарымыздың қалай өмір сүріп жатқанын білдік.

Ең қызығы мектеп ұстаздары туралы бейне фильм көрсеткен сәт болды.

Владимира Васильевич жәнеМарии Антоновна, Галины Александровна, Ангелины Стефановнаның бейнелерін көріп, көзімізге еріксіз жас алдық.

10 минут ішінде қалай жұмыс істеп ,қалайша қызықты демалыстарды бірге өткізгендеріміз еске түсірдік.Концерт сыйлық беумен аяқталды.

Шай ішкен кезде келушілер бүгінгі күн үшін  мектеп директоры М.А.Қайыртасовнаға шын жүректен алғыстарын білдірді.Мектеп директоры мектептің бүгінгі өмірі мен жетістіктерімен бөлісті.

Айгуль Қайыртасқызы!

Бүгінгі мереке үшін,сіздің ыстық ықыласыңыз үшін,көңіліңіз үшін рахмет!

Мектеп кәсіподақ басшысы Карлыгаш Кушеровнаға, тәрбие жұмыстары директорының орынбасарыМ.Ш. Темирбулатоваға, Е.Айтхалинаға үлкен алғысымызды білдіргім келеді.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын!Сіздердің жүректеріңізден ешқашан жылу кетпесін,жұмыстарыңызға деген құлшылық кетпесін!

Бастамаларыңызға табыс,шығармашылық ізденіс,денсаулық,отбсылық бақыт тілеймін»