Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Соңғы партадан репортаж
10-10-2014 05:50
Соңғы партадан репортаж

Сәлеметсіз бе! Біз өзіміздің репортажымызды оқу күнінің бірі туралы  соңғы партадан бастаймыз.

Соңғы парта... кейбіреуі алда болып, оқуға тырысуда,  ал бізге ұнайтыны да осы.

Сонымен, бірінші сабақ- орыс тілі сабағы.  Мектепте Қазақстан тілдерінің айлығы сәтті  өтеді, сондықтан  Надежда Петровна «Брейн-ринг» танымдылық ойынын ұсынды. Біз 5 команда  жарысқа түстік.  Әр сайыс әртүрлілігімен өзгешеленді. Көптеген жаңа  мағлұмат алдық. Мысалы, заманауи тілге көнерген  сөздерді  аудардық: «порекло»,  «длани», потылица», «рамо». Сонымен қоса сыныптастар бірлесіп, интернетпен жылдам қолдана алатындығын да байқап қалдық. Ойын барысында өлеңдер шығарып, лингвистикалық  тапсырмалар, сөзжұмбақтар, суретте берілген мақал-мәтелдерді  таптық. Әрине, команда  мүшесінде    Маша Д. болған команда  өзін сәттірек көрсетті, себебі ол сурет салудан шебер.Шығармашылық  жұмысының сабағы аяқталды- өз мұғалімдерімізге  эссе-құттықтаулар жаздық. Жалпы, сабақ бізді орыс тілінің  әсемдігіне, күшіне және байлығына тағы бір рет көзімізді жеткізді.  

Келесі сабақ –дене шынықтыру.Бұл не деген жүктеме! Екі Президенттік норматив тапсырдық, екі шақырым кросс жүгірдік,  допты лақтыруда сайыстық.  Олимпиядалық ұранымыз: «Жоғары! Жылдам! Күштірек!»  сәтті іске асты. Порадовались успехам Влад К., Алимхан Ж., КатяМ.  табыстарымен   қуандық. Расына келсек, сабақтан кейін сынып солған лимонды еске түсірді, бірақ алған әсерлері толық бір күнге қалды.

Қазақ тілі сабағына жол тарттық. Екі топқа бірге жұмыс жасауға  тура келді. Шығармашылық сабағы- оны солай деп атайық. Сәруар Өмірзақовна « Тәрбие-отбасынан басталады» деген тақырыпқа шығарма жазуды ұсынды. Бұл қағидамен келісесіз бе? Біз де. Бірақ шығарма тартымды, қарқынды болуы  үшін, өзіміздің өмір жолымыздағы  тәжірибиемізді еске түсірку керек.сыныптастарымыздың шығарған қорытындыларын мұқият тыңдаймыз, біреуімен келісеміз, біреуімен келіспейміз.

Сыныпта Катя М., Диана И, Ярослав М. бар болғаны жақсы болды  – оларды тыңдау әрқашан  жағымды және өзіміздің қорымызды  дәлелдермен  толықтырамыз, ол дегеніміз тапсырманы  сәтті орындау дегеніміз.

Алгебра – практика-сабақ.45 минутбойы демалыссыз  математикалық тапсырмалармен «күрестік».    Соңғы партадан  кейбіреуінің тапсырманың дұрыс  шешуін шеше алмай  дау болып, сол кезде көршісінің  шешу нұсқауына көз жүгіртетіндігін, кейбіреуі  математикалық формулаларды және белгілерді шемішкедей шағатындығын байқаймыз.

Расында, Лариса Валерьевна бұл жылғы алгебра курсы өткен жылға қарағанда әлде қайда жеңіл екендігін айтып өтті.

Информатика сабағында  «алғашқы » үзіктен алған бағаларымызды білдік. Сыныптастарымыз үшін қуаныштымыз!Бұл пән бізгежеңіл. Арамызда ең үздігі –Х.Миша. Біз оның ертең  ең дарынды  бағдарламашылардың бірі деп естісек, таң қалмаймыз.

Сіздер өмірбаяныңызды ағылшын тілінде жазып көрдіңіз бе? Жоқ па?  Бұл егер бізге қажет болып жатса, біз оны жаза аламыз деп ойлаймыз. Бұған бізді  Наталья Руслановнаүйретті.Қызықты сабақ екен!

Жетінші сабақ – ағылшын тілінде география . Бұл  жаңа сабақ-демек қызықты болары белгілі.  Біздің ойлағанымыздай болып шықты.Географиялықтерминдер, мәтіндер, ерекше естілгендей болды. . Бұл сабақтардың халықаралық  тілді меңгеруімізгекөмектеседі деген ойдамыз. 

Барлық сабақтар аяқталды! Алақай! Биология  кабинетіне күнсайынғы сынып жетекшімізге жиналысқа келеміз. Бірнеше минут 9 А  сыныптың шыққанын тосамыз. Балалар шығады, біздің Ольга оларды қарсы алады.  Натальей Семеновнамен бірге бейсенбі күнінің оқу қорытындысын жасаймыз. Бәрі жақсы: ТЖ және екіліксіз. Міне, біздің күніміз осылай өтуде. Үйге қайтуымыз керек!

Репортажды  8А сынып оқушылары  жүргізді.

Чиглинцева Ярославна және  Омарова Диана

 

 

Мұғалім  Рачинская Н.П.