Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Өзгеге қайырымдылық жасау қиын емес.
24-11-2016 07:00
Өзгеге қайырымдылық жасау қиын емес.
Қарашаның 23 жұлдызында мектебіміздің өнерпаздары Алғыс айту күніне орай Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің облыстық психоневрологиялық балаларға арналған орталығында "Ризашылық" атты концертке қатысты. 3 "Д" сыныбының оқушылары Кузнецов Кирилл, Храмов Данил, Костромицкая Валерия, Жакиенов Асанали, Жақия Дархан, Мауер Луиза, Яковлева Ксения, Тулубинская Ника көңілді билерін керсетсе, 5 "Г" сыныбының оқушылары Алимбекова Меруерт, Жамалова Зарина, Аубакирова Бинур, Фазыл Азиз және Хасанова Айгерим тамылжыта ән салды. Мектебімізде "25 мейірімді іс" жобасы өтіп жатыр. Осыған орай 6 "В" сыныбы мен 10 "А" сыныбының оқушылары балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ойыншықтар, кітаптар, киімдер әкелген болатын. Осы сыйлықтарды өнерпаздарымыз орталықтың бүлдіршіндеріне сыйлады. Іс-шара соңында өнерпаздарымыз бен оларды дайындаған мектептің шығармашылық ұжымына орталық директоры Қосдаулетова А.М. алғыс хат ұсынды. Бүлдіршіндер де мәз, ересектер де көңілді.

Аға тәлімгер

Айбекова А.Ж.

dsc01709 dsc01721 dsc01722