Отбасы күні
Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 8-қыркүйек қалалық орталық саябақта «Ең тату отбасы» қалалық байқауы болып өтті. Мектебіміздің намысын 2 «Б» сыныбының оқушылары Даньковский Роман мен Степанның отбасы қорғаған болатын. Сайыс барысында өздерінің зеректігі мен спорттық дайындықтарын көрсете білген бүлдіршіндеріміз бен олардың анасы Кривошеева Светлана мен әкесі Даньковский Сергей сайысқа белсенді қатысқандары үшін дипломмен марапатталды. Даньковскийлер отбасына біз де алған марапаттары құтты болсын дейміз.
Аға тәлімгер
Айбекова А.Ж.