Маусымның 18 күні «Күншуақ» атты сауықтыру лагерь мектеп жанындағы лагерьдің І ауысымының тақырыбына арналған. «Жұлдыз» атты отряд осы линейканы өткізді. Олар ғарышқа қатысты қызықты деректерді көрсетті. Осы күні «Ғарыш және робототехника» тақырыбында костюмдер сайысы қткізілді. Сонымен қатар «Жұлдызды жауын» атты гала-концерт ұйымдастырылды. Балалар Әбусейітов атындағы мәдени орталыққа барды, олар «Элвин және бурундуктар» атты қызықты фильмды тамашалады. Сонымен қатар көңілді сайыстарға да қатысты.