Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жұлдызды отбасылар шеруі.
03-03-2016 07:54
Жұлдызды отбасылар шеруі.
2016 жылдың 27-ақпанында мектебімізде алғаш рет отбасылар үшін татулық пен бірліктің белгісіне айналған «Жұлдызды отбасы» байқауы болып өтті. Әр сыныптан 20 отбасы байқауға өздерінің жоғары кәсіби, әрі шығармашылық номірлерін алып келген екен. Әке мен бала, ана мен апа, әже мен аталардан құралған жұлдызды топтар сахна төрінде ән шырқап, би биледі, презентациялар, көркемсурет туындылары мен тамаша көріністер көрсетті. «Жұлдызды отбасы - 2016» байқауында қатысушыларының саны ең басым болған 1 «В» сыныбы көзге түсті. Байқауға бұл сыныптан 6 отбасы қатысты. 1 «Д», 2 «Д», 4 «Д» сынптарының құрама тобы – Костромицкийлардың үлкен әрі тату-тәтті отбасы өздерінің көтеріңкі көңіл күйлерімен, әсем әндерімен, еліктірер билерімен, шашу шашып, барлық қонақтарға үлестірген тәтті сыйлықтарымен байқауды салтанатты мейрамға айналдырып жіберді. Ал 1 «Б» сынып оқушысы Абдулкаюмова Даринаның отбасы көрермендердің есіне тамаша орындалған татар әнімен жатталды. Олардың орындаған әндері тек татар халқының өнерін ғана бейнелеп қоймай, залдағы отырған барлық көрермендереге үлестірген тәтті «чак-чак» тағамы татар асханасының бір көрінісін көзімізге елестетті. 6 «А» сынып оқушысы Попова Алинаның отбасы көңілді әрі кез келгенді еліктіріп әкететін тамаша биді тарту етті. 4 «Б» және 2 «А» сыныбының оқушылары Масалимова Адэль мен Даринаның отбасы көңілді көрініс көрсетті Бұл кеш шынымен де отбасылардың бірлігі мен татулығының жоғарғы көрсеткішін паш етті. Залда жанкүйерлік пен бәсекелестік рухы үдеп тұрған шақта сахнадағы өнерпаздардың өнерлері де артыла беретініне көзіміз әбден жетті. Байқауда 1 орынға кімнің ие болғаны да маңызы емес, себебі күнделікті күйбен тіршілікті өздерінің өнерлерімен әрлеп әшекейлеген бұл отбасылардың барлығы да жеңімпаз. Байқау номинаиялары: Гран-при – Адэля мен Дарина Масалимовалар, 4 «Б» и 2 «А» сынып оқушылары. 1 дәрежелі диплом – 1 «Б» сынып оқушысы Абдулкаюмова Дарина. 2 дәрежелі диплом – 1 «Д», 2 «Д», 4 «Д» сыныптарының оқушылары Костромицкий Даниил, Валериия, София. 3 дәрежелі диплом 6 «А» сынып оқушысы Попова Алина.

ДТЖбО Смаилова Б.С.

IMG_0129 IMG_0130 IMG_0192 IMG_0197 IMG_0201