2 «А» жəне «Б» сынып оқушылары ағылшын тілі сабағында «Көңілді хайуанаттар бағын» өз қолымен жасады. Бұл сабақта балалар «Дене мүшелері» тақырыбы бойынша лексиканы бекітті. Олар жануарлардың суретін салып, бояп, кесіп алды да желімдеді. Тапсырманы орындау барысында балалар өз əрекеттерін ағылшын тілінде сипаттады. Сабақ өте жемісті жəне қызықты болды.