Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Алтын күз
23-11-2015 06:48
Алтын күз
19-қараша мектебімізде 9-11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі мерекеге айналған «Күз Ханшайымы мен Ханзадасы» сайысы өтті. Сайысқа қатысуға жоғары сыныптар арасынан 5 жұп ниет білдірді. Олар 9 «А» сыныбынан Жанибеков Алимхан мен Кальченко Мария, 9 «Д» сыныбынан Гусельников Виталий мен Зайбель Виктория, 10 «А» сыныбынан Кривошеев Егор мен Бармутина Анастасия, 11 «А» сыныбынан Айткулов Михаил мен Панфилова Дарья, 11 «Б» сыныбынан Отарбаев Мади мен Азатова Айнура. Кеш барысында өнерпаздар сайыстың түрлі кезеңдерінен сүрінбей өтті. Алғашқы айналымда сайысқа шыққан жұптар өздерін көрермендер алдында таныстырды, келесі тақырыпқа сай ұйымдастырылған айналымда жұптар түрлі көкеністер мен жемістерді жарнамалады. Соңғы айналым өнерпаздарымыздың шығармашлық нөмірлеріне арналды. Әділқазы алқасында болған ұстаздарымыз бен оқушыларымызға кеш жеңімпаздарын таңдау өте қиынға соққан болуы керек. Себебі барлық жұптар өздерінің өнерлерін барынша ортаға салып көрсете білді. Сайыс соңында 11 «Б» сыныбының жұбы Азатова Айнура мен Отарбаев Мади бірінші орынға ие болып, «Күз Ханшайымына» арнайы тәж ұсынылды. Басқа жұптар «Көрермен көзайымы», «Ең талантты жұп», «Ең әдемі жұп» деген номинациялардағы мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. OLYMPUS DIGITAL CAMERA OLYMPUS DIGITAL CAMERA OLYMPUS DIGITAL CAMERA