Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 г.Павлодар, ул. Катаева, 68
Приемная - 200880
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 15.00 до 17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бес ғасыр шежіресі»
13-11-2015 03:00
«Бес ғасыр шежіресі»
Алматы облысы білім басқармасы Әдістемелік кабинетінің жылдық жұмыс жоспары негізінде 2015 жылғы 30 қазанда Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы базасында «Бес ғасыр шежіресі» тақырыбында өңіраралық ғылыми-практикалық конференция өтті.Конференцияға Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Е.Н.Ермұқанов және Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, облыстық және аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет әдіскерлері мен тарих пәні мұғалімдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында шебер-кластар көрсетіп, тәжірибе алмасты.Конференцияда «Керей мен Жәнібектен Кенесарыға дейін:алаш жолы», «Қазақ хандығының рухани, мәдени даму жолы», «Қазақ мемлекеттілігінің шежіресі», «Мәңгілік ел»: идеясы ,негіздері және тарихи сабақтастық » бағыттары бойынша жұмыстар жүргізілді. Конференция соңында тәжірибе бөліскен ұстаздарға сертификаттар табысталды. Барлығы 160-қа жуық ұстаз қатысты. Конферецияға Павлодар қаласы №17 мектебінің тарих және география пәні мұғалімі Хажихан Баршагүл Оқушыларға «Қазақ мемлекеттілігінің шежіресін » оқытуда ақпараттық ресурстардың маңызы атты мақаласы жиынтыққа жарияланып, сертификатпен марапатталды.