Оқушыларды қоғамдық еңбекке баули отырып туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, қоршаған ортаны таза ұстауға, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында мектебімізде сенбілік болып өтті. Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажеттігін ескертілді. Оқушылар мектеп ауласындағы тазалық шарасын көңілді музыкалық сүйемелдеумен өткізді. Өздерінің білім-тәрбие алып жатқан алтын ұя – мектебінің тазалығын сақтауға жауапты екендіктерін білдірді.