«Жыл мұғалімі»
Қыркүйек айында дәстүрлі қалалық «Жыл мұғалімі» сайысы өтті. Бұл сайысқа қаланың белгілі ұстаздары 3 номинация бойынша өз шеберлігін көрсетті. Біздің мектептен бұл сайысқа қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шаймардан Гүлмира Мұлуковна қатысты. Ұстаз 3 сайыстың үшеуінен абыроймен өтіп, лауреат атағына иеленді. Ұстаздың презентациясы, шебер-класы, бейтаныс сыныптағы ашық сабағы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Мектеп ұжымы Шаймардан Г.М. шын жүректен құттықтай отырып, келешекте бұдан жоғары шыңдардан көрінуін тілейді.