Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 г.Павлодар, ул. Катаева, 68
Приемная - 200880
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 15.00 до 17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
30.06.15- «Салауатты өмір салты».
03-07-2015 03:21
30.06.15- «Салауатты өмір  салты».
Бүгінгі күнді толығымен салауатты өмір салтына арнадық. Таңертең осы күнге арналған «СӨС құпиялары» атты линейкамен бастадық. Бұл линейкада балалар рационалды тамақтану жөнінде сөз сөйледі, кейін жаттығулар жасады. Таңғы астан кейін информатика кабинетіне көтеріліп, облыстық нарко диспансерінің психологы А.Небелецовамен әңгіме жүргізді. Әңгіме белгілі бір жағдайларда « жоқ» деп айта алуға бағытталды. Көптеген сұрақтар қойылып, толық жауаптар алынды. Психологпен кездесуден соң, балалар денсаулықты сақтаудың қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізді. «Қызықты старт» спорттық ойынымен балаларды дене шынықтыру мұғалімі де бүгінгі күнді одан әрі қызықты етті. Ал, кейін, Ж.Аймауытов атындағы театрда «Алдар көсе» атты ертегіні тамашалап қайттық. Міне, бүгінгі күніміз осындай қызықты сәттерге толы болды.