Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 г.Павлодар, ул. Катаева, 68
Приемная - 200880
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 15.00 до 17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кітапханаға барып қайттық
17-09-2016 05:48

Павлодар қаласы №17 ЖОББСОБМ 6 «Г» сынып оқушылары қыркүйектің 16 күні №10 кітапханада 22 қыркүйек «Тілдер мерекесі» күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Кітапхана қызметкерлері оқушыларды әлем халықтарының сәлемдесу ерекшеліктерімен таныстырды. Оқушыларға үш тілде (қазақша ,орысша, ағылшынша) тапсырмалар беріп, іс-шараны қызықтырды. Қазақ тілінде мақал-мәтелдер айтылса, орыс тілінде қате айтылған сөз тіркестерін табу үлестірмелері берілді. Оқушылар барлық тапсырмаларды жақсы орындап алғыс алды. Сонымен қатар ҚР-ның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай сұрақтар қойылды, өз білімдерін оқушылар кідірмей жауап беру арқылы танытты. Павлодар қаласы туралы мәліметтер айтып, ән тыңдады. Соңында бірнеше тілде қоштасып, іс-шараны кітап көрмесімен аяқтады. Осындай танымдық, рухани іс-шара ұйымдастырған №10 Кітапхана меңгерушісі Абрамова Ирина Васильевна мен Пихлик Наталья Ивановнаға шексіз алғысымызды айта отырып, жұмыстарына толағай табыс тілейміз.

Сынып жетекшісі: Хажихан.Б