Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Оқи ғой» халықаралық сайыстың қорытындысы
27-03-2017 03:52

Қазіргі Қазақстан әлемдік тенденцияларға сәйкес мектептегі білім берудің жаңа басымдықтарын анықтады. 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасында 2012-2016 жылдар аралығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жүзеге асырылатын ұлттық жоспарда басты орын алатын мектептегі білім берудің сапасы болып саналады.
Әлеуметтік-экономикалық жаңарту жағдайында қоғамға функционалды сауатты нәтиже үшін жұмыс істей алатын белгілі әлеуметтік маңызды жетістіктерге икемді адам қажет. Осы қасиеттің барлығы мектепте қалыптасады.
Біздің мектебіміздің жақсы дәстүрлерінің бірі « Оқи ғой» сайысының өткізілуі. Осы халықаралық сайыстың мақсаты – бағдарлама талаптарына сәйкес оқушылардың оқырмандық икемділіктерінің қалыптасу деңгейін анықтау. Өз білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту үшін, әлеуметтік өмірге қатысу, өз мақсаттарына жету үшін, қатысушылардың саналы оқу икемділіктерінің қолдануға ынталандыру.
Бұл сайыс осы жылдың ақпан, наурыз аралығында өтті. Оқушыларға форматы бойынша төрт түрлі ақпарат көзі ( көркем мәтін, жарнамалық хабарландыру, авиабилет, партаны жинау бойынша нұсқау және осылардың әрқайсысына алты тапсырма берілді. Оқушылардың міндеті – ақпарат көздерін зерттеу және тапсырмаларды орындау. Тапсырмалар бағдарламаға сәйкес құрастырылатын . Ақпарат көздерінің әрқайсысына Блум токсономиясына сәйкес сұрақтар құрастырылды: 1. Ақпаратты іздеу және оқығанды түсіну. 2. Ақпаратты өзгерту және интрепретациялау : 3.Ақпаратты бағалау.
Сайысқа қатысқандар: 3 елдің 72 территориясы. Олардың ішінде:
* Қазақстан 10 территория
* Ресей - 61 территория
* Украина – 1 территория
Павлодар облысы атынан 4 мектеп қатысты. №17 ЖОББСОБМ. көшбасшылық бағытта болып, облыс мектептерінің ішінен 1 орын алды. Қатысушылар саны – 57, орташа ұпай – 61,23. Бұл нәтижелер фунционалдық сауаттылықтың жеткілікті жақсы деңгейде екендігін дәлелдейді.
Орыс тілі әдебиет пәнінің ӘБ жетекшісі Криворучко А.А.