Телефон доверия
8 (7182) 200036
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 200880
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жолда жүру ережелерін біліп жүр.
13-09-2017 17:34
Жолда жүру ережелерін біліп жүр.

Жолда жүру ережелерін әрбір бала білуі керек, себебі баланың өмірі мен денсаулығын осы ережелерді білумен ғана сақтап қалуға болады. Мектебімізде «Абайла, бағдаршам!» тақырыбында көптеген іс-шаралар өтті. 1-11 сыныптардың барлығында қауіпсіздік сабақтары өтті. Сабақтардың барысында оларға мектепте, үйде, көшеде, ғаламтор желісінде өз қауіпсіздігін сақтау үшін не істеп, нені істемеу керектігі айтылды. Ерекше аталып өткен ереже – жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту тәртібі. 1-сынып оқушылары ақпараттық «Жолдос көмекке асығады» мультфильмін тамашалады. Мектеп инспекторы олармен жолда жүру ережелерін сақтау туралы әңгіме жүргізді. Төменгі сынып оқушылары үйден мектепке дейін бару маршруттарын құрастырды. Мектеп фойесінде оқушылар мен ата-аналар үшін ақпараттық стенд безендіріліп, мектептің LED-экранында тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіледі.
Балалардың денсаулығы мен өмірі – ересектердің басты міндеті.

Тәрбие бөлімі