![Жаңа жылдық сыйлықтар](/media/img/blogs/5a47e9ab46665.png)
Біздің мектебіміздің көптеген балалары ғажайыпқа сенеді. Бүгін оларға тәтті сыйлықтары мен Аяз ата келді. Бұл ғажайып қайдан пайда болды? Оның құпиясы қарапайым. Жыл сайын біздің ата-аналарымыз «Балаға тәтті сыйла» атты Жаңа жыл қарсаңындағы науқанға қатысады. Биылғы жылы біздің ата-аналарымыз бен балаларымыз ерекше белсенді болды. 1-11 сынып аралығындағы жүзге жуық қатысушылар Жаңа жылдық сыйлықтар әкелді. 6 «А»сынып оқушысы Рудько Эвелинаның ата-аналарының өзі 35 балаға бақыт сыйлады. Дене шынықтыру мұғалімдері Л.В. Миллер, О.В. Скляр көп балалы отбасындағы балаларға нақты сыйлық жасады. Г.Б. Тмирова 4 «Д» сынып оқушысына қуаныш сыйлады. Балалар мен бірге ересектерде жаңа жылдық сыйлықты алғанына және Аяз атаның өзінен алғанына өте қуанышты болады. Балалар мен олардың ата-аналары,қамқоршылары атынан осы науқанға қатысушыларға алғысымызды білдіреміз. Жыл сайын қайырымды , жомарт адамдар саны артып келеді. Сіздің қайырымдылығы мен жомарттылығыңыз сізге еселеніп қайтсын. Сіздерге барлық игілік пен денсаулық және гүлдене беруіңізді тілейміз. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Мектеп ұжымы мен бақытты балалар.