Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Павлодар облысының 80 жылдық мерей тойына арналған «Туған жер» танымдық ойын
23-01-2018 14:47
Павлодар облысының 80 жылдық мерей тойына арналған   «Туған жер» танымдық ойын

Тәрбие сағатының тақырыбы:
Павлодар облысының 80 жылдық мерей тойына арналған
«Туған жер» танымдық ойын

Тәрбие сағатының мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, туған жерге деген ынтасын арттыру.
Оқушыларды өз елін ,жерін қорғауға дайын ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру;

Тәрбие сағатының көрнекіліктері: плакаттар,слайд, сөзжұмбақтар

Павлодар қаласы №17ЖОББСОБМ 7 «Г» сыныбында қаңтардың 20 жұлдызында Павлодар облысының 80 жылдық мерей тойына арналған танымдық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты оқушылардың дайындаған көрсетілдермен басталып, Павлодар облысына қатысты тарихи деректер, Баянауыл өңірінде туып өскен ғалымдар, әйгілі тұлғалар, ақын жазушылар,
Павлодар облысының құрылымы ,облыстың таңбасы т.б тақырыптарды толық қамтыған танымдық- шығармашылық бағытта өтті. Оқушылар сынып сағатына жақсы дайындықпен белсенділік танытты. Оқушылар алдымен Павлодар облысының 80 жылдығына арналған көрсетілімдерді тамашалады. Павлодар облысының таңбасын мәнін анықтау тапсырмаларды жақсы орындады. Сөзжұмбақтар,туған жерге қатысты мақал-мәтелдерді де үш тілде мүдірмей айтып, топтар өзара тең дәрежеде білімі мен шығармашылық жағынан бәсеселесті.

Сынып сағатын өткізген: Хажихан Баршагүл