Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Спорт біздің өмірімізде
08-02-2018 16:11
Спорт біздің өмірімізде

Біздің сыныптың оқушылары әр түрлі спорттық ойын түрлерімен шуғылданады. Мектептегі Л. В Шохалевич жүргізетін баскетбол секциясына Мауер Л., Жакиенов А., Есмиканов Д,, Махметова К., Тулубинская Н., Храмов Д., Костромицкая В.. Емельянова В. қызығушылықпен қатысады. Балалар әрдайым мектепішілік сайыстарға қатысып, жүлделі ойындарға ие болды. Толя Афанасьев пен Асанали Жакиенов шахмат үйірмесіне қатысып, мектебімізде 4 -сынып оқушылар арасында өткізілген сайыста 3 және 2 орынға иеленді. Мансұр Нұрмағамбет, Амир Негматов, Кирилл Кузнецов дене шынықтыру мұғалімі Қ. Қ Қосқаковтың жетекшілігімен ұлттық асық ату ойынына үйренді.
                  Оқушылар қаламыздағы спорттық секция, үйірмелерге де барып жүр. Закиев Руслан мен Храмов Данил жеңіл атлетикамен шуғылданса, Кусаинов Джамаль академиялық гребля спортын ұнатады екен. Негматов Амир дзюдо секциясына барып жүр. Кириченко Максим мен Хайрутдинова Алина акробатикамен шуғылданады. Алина жуырда ғана Екібастұз каласында акробатикадан өткізілген спорттық шараға қатысып, 3 дәрежелі Дипломмен қуантты. Вика Емельянова биатлон спортын жақсы көреді. Вика 4- ақпанда шаңғы күресі бойынша қалалық сайысқа катысып, 3- орынға ие болды. Ал Сергей Челайдюк кішкентай кезінен хоккеймен шуғылданады. Осы аптада Сергей командасымен Өскемен қаласында өткізілген хоккей ойынында «5:2» ұпаймен қарсы команданы жеңіп алып, оралды. Сергей «Ең үздік ойыншы» сыйлығымен марапатталды! Міне, біздің балалардың спорттық жетістіктері осындай!
                                                                  4 «Д» сынып жетекшісі
                                                                  Г. Б. Темирова