«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында мектебімізде Павлодар облысының қасиетті жерлерімен таныстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты мектеп алды лагерінің басты іс-шараларының бірі киелі жерлерді таныстыру. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – туған жер үшін жауапкершілікті дамыта отырып, мәдени мұраны кең дәріптеу мен зерделеу.
«Ынтымақ» бағдарлы лагерінің тәрбиеленушілері өздерінің жетекшілерімен бірге «Павлодар облысының киелі жерлері» атты картасын ұсынады. Таныстырылым үшін республикалық маңызы бар келесі киелі жерлер таңдалды: Мәшһүр Жүсіп Көпеев кесенесі, Исабек Ишан Хазіреті, Ақкөл Жайылма қалашығы, Жасыбай батыр ескерткіші, Қоңыр әулие үңгірі.
Лагерь тәрбиеленушілері жоғарыда аталған киелі жерлер туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде дайындады. Картадан басқа бес объект туралы екі тілде түсті буклеттер даярланды. Бағыт әзірленіп, балаларға осы киелі жерлерді жерледі көрсетуге жоспарланып отыр.
Жиынның құрметті қонағы география Үйінің директоры А.А. Вервекин жиналған қауымға өзінің жылы лебізін білдіреді. Мектебіміздің педагогика ардагері география Үйіне 1948 жылы шығарылған «Орыс географтары мен саяхатшылары» Атласын сыйға тартады.
Павлодар облысының киелі жерлері.