Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа жыл
29-12-2018 07:48
Жаңа жыл

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Бәріміздің асыға күтетін, сүйіп қарсы алатын бірден-бір мерекеміздің көңілді де қызықты өткеніне не жетсін?
Қай бала болмасын соның ішінде әсіресе Жаңа жыл мерекесін асыға күтеді. Олардың барлығы да армандаған арманымыз, тілеген тілегіміз орындалды деп Жаңа жыл ертегісіне, жылтырауыққа орнаған ғажайып шыршаға, Аяз ата мен Ақшақар қызға сенеді. Міне, осындай Жаңа жылға арналған ертеңгілік ЖОББСОБМ №17 мектебінде 27 желтоқсан күні 1-4 сыныптар аралығында өтті. Жаңа жылдық ертеңгілікке ата-аналарыда қатысып қайтты. Барлығы бұл мерекеден үлкен қуанышты әсер алды.
Жаңа жыл барлық отбасыларымызға жаңа нұр,жаңа шуақ, бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болып, табысқа кенеліп, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін! Баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.
Жаңа жыл құтты болсын!