Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Алтын Орда-Қазақ мемлекетінің алтын бесігі»
17-12-2019 14:02
«Алтын Орда-Қазақ мемлекетінің алтын бесігі»

Павлодар қаласы №17 ЖОББСОБМ жылдағы дәстүрге сәйкес Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында желтоқсанның 9-13 аралығында тарих және география атпалығы өтті. Апталық Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында Алтын Орданың 750 жылдық мерейін атап өту туралы мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу біз үшін өте маңызды. Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қазақтың сайын даласынан әлемнің әр түкпіріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің тарихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да айтылған. Қазақ мемлекеті Ұлы далаға өз үлес қосқан саяси айтулы оқиғалардан бастауын алған  Алтын Орда мемлекетінің заңды мұрагері. Алтын Орда өз заманында мықты, өркениетті,әрі дамыған ел болған. Алтын Орда тамырлы тарихымыздың бедерлі кезеңін қамтитын Ұлық ұлыс Қазақ хандығының бастауы саналады. Оның бай тарихы қазақ даласымен және халқымыздың негізін құраған ру-тайпалармен тығыз байланысты. Апталық кезінді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың Жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру іс-шаралар жан-жақты қамтылды. Кейбір атқарылған жұмыстарға тоқталсақ: Апта бойы бастауыш сыныптарда «Алтын Орда билеушілері» және «Менің туым», 5-11 сыныптарда «Алтын Орданың тарихи маңызы», 5-10 сыныптарда «Ұлытау-2019» шығармашылық жұмыс «Алтын Орданың тарихи маңызы» кітап көрмесі 6-8 сыныптарда Алтын Орда: «Ұрпақтар сабақтастығы және Халықаралық мұра»  ғылыми-танымдық конференция өз жұмысын сәтті аяқтады. Алтын Орданың 750 жылдығына арналған челлендж өтті. Мектебімізде іс-шаралар салатанатты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Концерттің ерекшелігі кәсіби хормен қатар 5 «е»сыныптан-27 оқушы, 5«д» сыныптан-23 оқушы, 8«а»сыныптан-22 оқушы, 9«г»сыныптан-13 оқушы қатысып,  «Мен қазақ» және «Атамекен» әндерін тамаша шырқады. Ән сондай әсерлі  нағыз рухты көтеретін деңгейде шырқалып, көрермендерді шаттыққа бөледі. Хорды дайындаған орыс тіл пәні мұғалімі Манара Дәлеловнаға алғыс айтамыз. Барлық өткізілген іс-шаралардың мақсаты: Өскелең ұрпаққа Қазақ мемлекеті Алтын Орданың мұрагері екенін және еліміздің рухани және материалдық дамуына орасан зор үлес қосқанын бойына сіңіру; Елінің, туған жерінің тарихын құрметтеу, тарихи сана қалыптастыру; Ата-бабалар жолынан үлгі өнеге алу, отансүйгіштікке және өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Іс-шараға мемлекттік тілде оқитын 5-9 сынып оқушылары да белсенді қатысты. 8-сыныпта: «Ұлы дала тарихымен үндескен Тәуелсіздік»(интеллектуальдық сайыс), 5-сыныпта: «Ұлы даланың жеті қыры» - «Алтын адам» викторина, 6-сыныпта: «Түркі әлемінің бесігі»-«Ұлы жібек жолы» постер қорғау сайысы, 7-сыныпта: «Үздік географтар» Тәуелсіз Қазақстан - менің мақтанышым тақырыбында, 9-сыныпта: Алтын орданың 750 жылдығына арналған “Тәуелсіздіктің тарихы” атты  баяндаманы Ермекбай Әлихан жасады. Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілейміз. 

Баршаңызды «Ұлы дала» елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шың жүректен  құттықтаймыз.

Тарих және география пәні мұғалімі: Хажихан Б