«Отбасымен ұлттық тағамды дайындаймыз»
«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын, «Дәстүр мен ғұмыр» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Отбасымен ұлттық тағамды дайындаймыз» байқауы өтті. Оқушылар ұлттық тағамдар туралы бейнероликтер дайындады, онда тағамның құрамы, дайындау әдісі туралы айтылады. Олар пісіру процесін көрсетеді, сонымен қатар көрермендерді осы тағамның қысқаша тарихымен таныстырады, бейнероликті мерекелік тілектермен аяқтайды.