Оқу сайысы
Мектепте қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы –Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған мәнерлеп оқу байқауы өтті. Мақсаты:
- әдеби шығармашылыққа қабілетті дарынды оқушыларды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін ашу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- балалардың сөйлеу белсенділігін, өлең оқудың мәнерлілік деңгейін арттыру.
Қатысушылар Жамбыл Жабаевтың өлеңін жатқа оқып, бейнероликтер дайындады.