Қазақстанда «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты-отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу, ана тіліне ұқыпты қарау.
"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады. Осыған орай, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы өтті.
«30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» атты акция аясында бүкілхалықтық оқуға белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдалды. Мектеп кітапханасында аталған оқулықтармен танысу жалғасып жатыр.