Оқушыларды «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылдау
Еліміздің Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында мектепте оқушыларды «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылдау өтті.
«Жас Ұлан»- балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған балалар мен жасөспірімдер ұйымы.
Бүгінде бұл бірлестіктің қатарына мектебіміздің намысын бірнеше рет қорғаған үздік оқушылар, спортышлар, белсенділер қосылды. «Жас Ұланға» 94 мектеп оқушысы қабылданды.
Мектеп белсенділері балаларға төсбелгілерін тақты.
Балалар ұйымы – толыққанды тұлға, қоғамның белсенді мүшесі, азамат және патриот, ең бастысы тұлға болып қалыптасуының негізгі буыны.