Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ақпараттандыру білім беру үдерісіндегі білім сапасын арттыру ресурсы ретінде» тақырыбында педагогикалық кеңес
05-04-2022 10:22
 «Ақпараттандыру білім беру үдерісіндегі білім сапасын арттыру ресурсы ретінде» тақырыбында педагогикалық кеңес
Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес «Ақпараттандыру білім беру үдерісіндегі білім сапасын арттыру ресурсы ретінде» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің мақсаты – педагогикалық қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін көрсету.
Тапсырмалар: 
1. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін көтеру; 
2. Білім берудегі оқыту сапасын арттыруға үлес қосу; 
3. Білім беру платформалары мен оқу процесінде АКТ қолдану элементтерін көрсету; 
4. Білім берудегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуын жақсартуға ықпал ету. Педагогикалық кеңес екі бөлімнен тұрды: теориялық, практикалық бөлім.
«Мектептегі ақпараттық ресурстарды дамыту» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Коппаева Айгүл Қасенқызы баяндама жасады. Педагогикалық кеңестің жұмысына МСРО әдіскері Шапихова Нұргүл Ерденқызы қатысты. Шеберлік сыныбында мұғалімдер АКТ-ны оқу үдерісінде қолданудың практикалық жолдарымен тәжірибелерімен бөлісті: Исимова Алия Боранбаевна- бастауыш сынып мұғалімі, «ActivInspire бағдарламасын пайдалану – флипчарттар»;
Иванникова Марина Валерьевна, информатика пәнінің мұғалімі, «OnlineMektep – BilimLand білім беру платформасын пайдалану»; 
Канаева Жумагул Маулетчановна - химия пәнінің мұғалімі, «Wooclap білім беру платформасын пайдалану»; 
Нургазинова Динара Ахажановна -бастауыш сынып мұғалімі, «Google Forms пайдалану»;
Курилко Татьяна Анатольевна- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, «Kahoot білім беру платформасын пайдалану»; 
Информатика пәнінің мұғалімі Дидар Жұмабайұлы Қайыргелді робототехникадан Mindstorms EV3 конструкторы негізінде оқушылардың жұмыстарын және 3D принтерде шеберлік сыныбын көрсетті. Мұғалімдер бұл мәселенің өзектілігін атап өтті, тапсырмаларды талқылады, практикалық тапсырмаларды орындауға қатысты. Педагогикалық кеңестің белсенді мүшелері Құрмет грамоталарымен марапатталды.