Бүгін мектептің дәстүрі бойынша жыл сайын өткізілетін мектепшілік "Жыл мұғалімі" сайысының финалы өткізілді.Сайысқа 6 педагог қатысты.Қатысушылар сайыстың шарты бойынша алдын ала ашық сабақ көрсетіп, бүгін шеберлік сағатын,презентацияларын әділқазылар назарларына ұсынды.Сайыстың гран-при иегері бастауыш сынып мұғалімі,жас маман- Каппарова Адина Ханатовна атанды.Химия мұғалімі Павлович Ирина Сергеевна -1 орынға, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Мұрат Еркінгүл-2 орынға , дене тәрбиесі мұғалімі Рахимбердинов Газиз Абаевич -3 орынға, ағылшын тілі Огаркова Ирина Анатольевна және Бастауыш сынып Нуртазина Дина Мусаевна мұғалімдері номинацияларға ие болды.Іс-шара мұғалімдердің кәсіби өсуіне және әдістемелік шеберлігін арттыруға мүмкіндік берді.
Учитель года - 2022