Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Шығармашылық және өмір» атты кездесу кеші
22-02-2023 10:11
«Шығармашылық және өмір» атты кездесу кеші

21 ақпанда Технологиялық колледжінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, журналист, жазушы Юрий Дмитриевич Поминовтың 70 жылдық мерейтойына орай «Шығармашылық және өмір» атты кездесу кеші өтті. Шараны №4 көпшілік кітапхана @mb4.pvl №18 орта мектебімен @school_18pvl және Технологиялық колледжімен бірлесіп өткізді. Шара барысында кітапханашы жазушы, Журналистер одағының бірнеше дүркін жүлдегері, өлкетанушы, көптеген еңбектердің авторы Юрий Дмитриевич Поминов кітап оқырмандарына танымал екенін айтып, қонақты таныстырды. Келесі кезекте Ю. Д. Поминовтың өмірі мен шығармашылығы туралы слайд көрсетілді. Технологиялық колледжінің жүргізушілер -студенттер Краснов Алексей және Власов Владимир жазушының өмірбаянын қысқаша баяндады. Мәжіліс залында Ю. Д. Поминов шығармашылығы бойынша «Шығармашылық және өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған Технологиялық колледжінің кітапханашысы Ақмарал Нурашевна Қобайдарова шолу жасады. Кездесу жылы, еркін жағдайда өтті, онда күннің кейіпкері бірден әңгіме түрінде кездесу өткізуді ұсынды – оқушылар қонаққа сұрақтар қойып қана қоймай, оның сұрақтарына өздері де жауап берді. Шара №18 орта мектеп оқушыларының музыкалық нөмірлерімен сүйемелденді. Шара соңында құттықтау сөз тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасары Жаслан Масғұтұлы Сыздыковқа берілді. Шараға 100 адам қатысты.