Наурыз көже дайындау

Наурыз мейрамы қарсаныңда мектебімізде Аналар кеңесі оқушыларымызға «Наурыз көже» дайындауды үйретті.
Наурыз көже – Ұлыстың ұлы күні әзірленетін қасиетті тағам. Бұл көже ежелден молшылық пен берекенің нышаны ретінде әр шаңырақта дайындалып келген.
Қазақтар Наурыз айында күн мен түн теңесіп, әлемде үйлесім орнайды деп түсінген. Бұл уақытта дайындалатын Наурыз көженің өзі де сол үйлесімділікті сақтап, әртүрлі дәнді-дақылдар мен еттің жарасым тауып піскен ерекше тағамына айналады.
#Біртұтас_тәрбие_pvl
#ЦППР
#Павлодар қаласы
#Работасродителями
#Даналық мектебі