«Қазақстанымды мақтан етемін» атты викторинасы.
6 желтоқсан 2016 жылы мектепте 6 сыныптар арасында ойын-викторинасы өткізілді. Викторина сайыс ретінде өткізілді. Ойын 4 турдан құралды: «Сәлемдеме», «Білгірлер», «Дана сөздер», «Тарихи адамды таны». Қорытындысында І орынды 6 «В» сыныбы иеленді. ІІ орынды 6 «А» сыныбы алды. ІІІ орын 6 «Б» сыныбна берілді. Жеңімпаздар грамотамен марапатталды. Викторина соңында балаларға Н.Ә.Назарбаев туралы шағын фильм көрсетілді.