«Біздің қаланың жазушылары» атты реферат конкурсы.
2 желтоқсан 2016 жылы мектепте «Біздің қаланың жазушылары» атты реферат конкурсы өтті. Бұл сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатысты. Балалар Павлодар облысының жазушылары туралы реферат дайындады. Қорытындысында ІІІ орынды 7 «А» сынып оқушысы Абильдина Аружан иеленді. ІІ орынды 6 «А» сынып оқушысы Сайбель Арина алды. Ал І орынға 6 «В» сынып оқушысы Журавлев Владислав ие болды. Жүлдегерлер грамотамен марапатталды.