1 сынып оқушыларымен «Күз мерекесі» атты сыныптан тыс шара өтті. Ата-аналарымен бірге балалар күз туралы тақпақтар жаттады.Технология сабағында күзгі жапырақтардан, табиғи материалдан әртүрлі жасандылар жасады. Балалар мерекеде көкөністермен танысып,күз айларының аттары туралы қызықты материалдар білді. «Көкөністер айтысы» атты тақпақ түрінде көрініс болды. Мерекеге балалар белсенді қатысты.