Пәндік апталық желісінде бастауыш сыныпта 4 «Б» сынып оқушыларымен әлем тану сабағынан «Пайдалы қазбалар» атты тақырыпқа ашық сабақ өтті.Оқу материалында оқушылар топпен және жұппен жұмыс істей отыра «Сенемін, не сенбеймін» әдісін қолданды.Тақырып бойынша оқушылар өздері құрастырып,көмектесті.Сабақ ішінде балалар пайдалы қазбаларды паспортқа толтырып,оларды контурлы картадан тауып,орналастырды.Пайдалы қазбалардың аттарын салыстырып, мінездеме берді.Сабақ мақсатына жетіп,оқушылар өздері жасаған жұмыстарына риза болды.