Міне, «Алтын күз» келіп жетті! 2 «А» сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге мектеп аумағына шығып, еңбек сабағына табиғи материалдарды жинады, өйткені алдымызда суық қыс келе жатыр мұндай әдемі әртүрлі жапырақтар болмайды.Табиғи материалдарды жинағаннан кейін, мектеп аумағындағы жатқан жапырақтарды жинап көмектестік. Оқушылар көңілді және тату жұмыс істеді.Оқушылар қарағай бүршіктері мен әдемі жапырақтарды қыс бойы жететіндей дайындап алды.