Біздің мектепте 28.04.2016 ж. Мұғалімдерге арналған «АҚТ – мұғалімдердің құзыреттілік кепілі» атты семинар өтті. Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы өнеркәсіп салаларының дамуы, қызықты мәліметтер, көрнекіліктер табылады. Әрине, көп жұмыстар тексеруді, түзетуді талап етеді, бірақ сабаққа дайындалу барысында әдістемелік жағынан көп көмек беретіні жөнінде мұғалімдер өздерінің пікірлерін айтты.