Табиғат туралы мәнерлеп оқу сайысы
9 ақпан, яғни «Табиғатпен келісім» күні екінші сынып оқушылары арасында табиғат туралы мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Осы аталған тақырып бойынша балалар өздерінің сүйікті өлеңдерін жатқа айтты. Ең үздік қатысушыларды 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапаттады. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін мақтау қағаздары берілді.