Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ана, мейірімділік, бейбітшілік және достық туралы» балалар суретінің көрмесі
17-02-2017 10:40
«Ана, мейірімділік, бейбітшілік және достық туралы» балалар суретінің көрмесі

Шығармашылық  жұмыс көрмесінде ұсынылған балалардың суреттері, өздерінің шығарған өлеңдері, ашықхаттары ерекше бір жылулықпен,қуанышпен және сүйіспеншілікпен жасалған. Әсіресе ерекше белсенділік танытқан 2 «Г» және 2 «Б» сынып оқушылары ерекше көзге түсті, олар: А.Нұрғалиева , Р. Русаков, Б.Зыков, Д. Яцук ,Т.Кох,  Т.Поклонская, М. Угайнов, А.Жалмұхамбетов , Л. Осомнова Л, Т. Базаев,  С.Макишева. Осы аталған тақырып бойынша 2 «Г» сыныбының оқушылары өздерінің ашықхаттарын, қолдан жасалған заттарын ұсынды. Ал 2 «Б» сыныбының оқушылары ине мен жіптің көмегімен өз аналарының суреттерін жасады, олардың жұмыстары басқалардан ерекше болды. Ең есте қаларлық  оқиға ол  бір-бірлеріне жақсы тілектер жазу поштасын ұйымдастыру  болды. Бұл сайысқа барлық сынып оқушылары қатысты, олар өздерінің мұғалімдеріне, достарына, сыныптастарына өздерінің тілектерін жазды, бұл тілек жазу хаттарының ерекшелігі, ондағы оқушылардың барлығын өз қолдарымен жасауы және де балалардың қиялдары шексіз болды.