Жас мұғалім мектебі
24 қаңтар күні «Жас мұғалім» мектебінің кезекті отырысы өтті. Бұл кездесудің тақырыбы «Қазіргі заманауи сабақты жоспарлау» болды.
Кездесуге оқу – тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Ш.А Ахметжанова шақырылды, ол жас мұғалімдерге заманауи талаптарға сай келетін сабақты қалыптастыруға көмектесетін материалдарды ұсынды және сабақ жасаудың әдіс-тәсілдерін айтып берді. Мұғалімдерге үй тапсырмасы сабақтың қысқаша мазмұнын құрастырып келу беріліп, келесі кездесуде талқылайтын болды.