№18 ЖОББ мектебінде 5-6 сыныптар арасында «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы өтті. Акцияға биыл үш кітап таңдап алынды. Оның бірі- Бауыржан Момышұлының шығармалары.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды патриоттық сезімге және адамгершілікке тәрбиелеу. Ана тілін құрметтеуге, оқу мәдениетін қолдауға және дамытуға, сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.
– Қазір Қазақстанда қандай кітап оқылады? Бүгінгі күні қазақ қоғамында рухты көрсететін, оқушыларымызды ерлік пен батырлыққа, патриотизмге шақыратын, өмірге құштарлықты насихаттайтын шығармаларымыз жетерлік.
Қазіргі уақытта «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемнің көптеген елдерінде кеңінен таралған. Сонымен қатар, бұл акция оқушылардың отандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.