Сенім телефоны
87054003418
email: sosh18@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Я. Геринг к, 79
8 7182 515908, 8 7182 516131
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бергузинова Г.Ж. - сәрсенбі 15.00 сағ. 17.00 сағ.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
9-11 сынып оқушылары арасындағы «Махамбет оқулары»
26-09-2018 19:18
9-11 сынып оқушылары арасындағы «Махамбет оқулары»

№ 18 мектепте тілдер меркесіне орай 9-11 сынып оқушылары арасында «Махамбет Өтемісұлы оқулары» өткізілді.

Қазақтың батыр да тарлан ақыны - Махамбет Өтемісұлы шығармашылығын оқушылар арасында кеңінен насихаттау, ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие негізінде ұлтжандылыққа тәрбиелеу, оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіріп олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау болу оқудың негізігі мақсаты болды.
Оқу үш кезеңнен өтті:
І кезең «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын» мәнерлеп оқу аталымы бойынша 8 оқушы қатысты. ІІ кезең “Ұлы арман” – Махамбет Өтемісұлы күйлерiн орындаушылар сайысы аталымы бойынша 3 оқушы қатысты.ІІІ кезең «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас ақындар, дарындар сайысы (өзінің шығарған шығармасын орындау, өлең, ән, музыкалық шығармалар) аталымы бойынша 5 оқушы қатысты. Қазақтың батыр да тарлан ақыны - Махамбет Өтемісұлы оқуларына оқушылар зор ықыласпен дайындалды. Оқушыларды марапаттау 28 қыркүйекте ортақ тілдер фестивалінде беріледі.