Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында 25 қыркүйекте №18 ЖОББМ-де 9а сыныбында ашық сабақтар өтті. Сабақ тақырыбы «Ұлттық тағамдар», мұғалімі Құмарова А.Е. Оқушылар сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану арқылы өз ойларын еркін білдіріп, қызықты мәліметтермен бөлісті. Осы күні 2а сыныбында да «Мынау қонжық па?» ашық сабақ болды, мұғалімі Мұрат Е. Балалар сабақта белсенді қатысып, сабақ мақсаты жүзеге асты.