"Алтын күз" шығармашылық шеберханасы
![](/media/img/blogs/5dbfa5446da3d.jpg)
3"А" сыныбында "Алтын күз" шығармашылық шеберханасы көңілді және қызықты өтті. Іс-шарада балалар "Күз"тақырыбына сурет салды. Оқушылар ауа райы туралы жұмбақтармен ырымдарды айтты. Мектеп кітапханашысы "Алтын күз" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Барлық оқушылар іс-шараға қызығушылық танытты. Іс-шара соңында шығармашылық жұмыстар көрмесі өткізілді.