«Менің Тәуелсіз Қазақстаным»
![«Менің Тәуелсіз Қазақстаным»](/media/img/blogs/5df340ff89788.jpg)
Бүгін 8 сынып аралығында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларды патриоттық сезімге, ұлт бірлігін нығайтуға, Қазақстан – көпұлтты Тәуелсіз мемлекет туралы білім мен түсініктерді кеңейтуге баулу, отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар "Тәуелсіз Қазақстан" деп аталатын видеоролик көрді. «Сұрақ-жауап», "мақал-мәтел" құрастыру ойыны өткізілді, балалар аса қызығушылықпен белсенділік танытты.