Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, дәстүрлі «Мәшһүр Жүсіп оқулары» қалалық байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты – көркем әдебиетті, сондай-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларын насихаттау, осы арқылы жастардың имандылық тәрбиесіне ықпал ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, тіл мәдениетін көтеру болып табылады.
Байқауға қатысушылар дала ғұламасы, дін қайраткері, ағартушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жырсандықта көрсетілген өлеңдерінен жатқа айту; дін тақырыбындағы шығармаларының мазмұнын айту және ақынға арнау өлең жазу сияқты үш кезеңнен тұратын сыннан өтіп, сонымен қатар Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына арналған викторина сұрақтарына жауап беру. Осы айтылған үш кезеңнен сүрінбей өткен №18 ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Акмарал Ельдбаевна Артыкпаеваға Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті атынан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы сыйлық табыс етілді. Сонымен қатар дала ғұламасының Жаңажол ауылындағы көрнекті мұражайын аралап, осы ауылдағы «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» мешітінде және Ескелді шатқалындағы Мәшһүр Жүсіптің кесенесіне саяхаттады.