Қағаз өндірісі үшін планетадағы әрбір бесінші ағаш кесілетіні белгілі. "Планетаның жасыл өкпелері" жоғалып кетуі мүмкін. Бұл бізге экологиялық апатқа қауіп төндіреді.
2 "А" сынып оқушысы Байджанова Айша, 2 "Е" сынып оқушылары: Лысак Ростислав, Алмасбек Алуа, Блок Елизавета, Лапина Дарья, 2 "Г" сынып оқушылары: Волкова Ксения, Извеков Дмитрий Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы" МКҚК ұйымдастырған "қағазсыз күн" акциясына қатысты. Бұл акцияның мақсаты: білім алушыларды заманауи қағазсыз технологияларға тарту арқылы планетаның жасыл қорын үнемдеуге қалай үлес қосуға болатынын нақты мысалдармен көрсету. Балалар екінші материалды пайдалана отырып, "екінші өмір – екінші тыныс" тақырыбында қолөнер бұйымдарын орындады және қағазсыз қалай және қандай жағдайларда жасауға болатынын көрсетті.