Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әдебиет - халықтың рухани байлығы.
19-04-2011 09:15
Әдебиет - халықтың рухани байлығы.

Адам материалдық жағынан емес, рухани жағынан бай болса ғана толық, нағыз адам саналады. Алайда, бұл түсінік осы таңда көмескіленіп жатқан сияқты ма,қалай? Ел-жұрттың көпшілігі ақша мен дүние қуып, ішсем, жесем, киінсем деп, байлығым басқанікінен де артық, көп болса екен деп тер төгіп, еңбек ететін сияқты. Осындай мақсатта өмір сүріп жатқан адамның ішкі рухани жан дүниесі қандай деңгейде екен деген ойға қаласың.

   Бұрынғы кезде ата-аналарымыз бен ұстаздарымыз: ”Кітапты көп оқыңдар, әдебиетті сүйіп, одан рухани  азық алыңдар, ертеңгі күні  өмірлеріңнің сан қатпарлы бұралаң жолдарында сәтсіздікке ұрынбай, дұрыс жол тауып, шешім қабылдауларыңа көп көмек етеді. Өмір-күрес, ал әдебиет- адам өмірінің айнасы. Сол күресте жеңу үшін, әдебиетті білу керек, өмірді тану керек. Сол өмірді танытатын – «әдебиет”, - деп үнемі айтып отыратын.

   Осыған қоса, мен әдебиетті адамның бүкіл ой-қиялына, сезіміне әсер етіп, биік-биік мақсат-мұраттарға жетелейтін қозғаушы күш, жақсы мен жаманды айыртып, әрбір сюжетінен сабақ алдыртатын, елін сүйіп, ерлікке ұмтылдыратын тәрбие құралы дегім келеді. Өзім ұстаз болғандықтан, шәкірттерім әдебиетті сүйіп оқыса, одан өмірдің сан тараулы жолдарынан сабақ алса екен деймін. Көркемдік әлеміне көз жүгіртіп, сөз өнерінің тұңғиығына бас қойып сусындаса екен деймін. Болашақта оңы мен солын айыра білетін, қиын-қыстау күндерде елінің қасынан табылатын  жанашыр, елеулі де ардақты азамат болып шықса екен деймін.

Гүлсия Саматқызы ӘЛКЕЕВА, қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімі.