Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 2
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Көксерек» әңгімесінен кейін туған ой
19-04-2011 09:58
«Көксерек» әңгімесінен кейін туған ой

             Қазақтың Ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің “Көксерек” әңгімесі - ең таңдаулы шығармаларының бірі. Мұнда қасқыр – табиғат - адам мәселесі сөз болады. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін  ойрандап, оның күшігін өз ортасынан бөліп әкетіп, ауыл тұтқыны етті. Сөйтіп өздері қолдарымен жасаған қиянаттың зардабын тартты.

   Өмірлері үнемі жортуыл мен түзде өтетін қасқыр аңын қолға үйрету мүмкін емес еді. Табиғаты ерекше жат мінезді Көксеректі ауыл иті ету, өсіру - адамдардың үлкен қателігі болды. Жазушы Көксеректің жетіле келе өз маңайына үйренісе алмай, адамдарды жақтырмай, ауылдан қаша бастауын білгірлікпен суреттей отырып, кейіннен оның өз ортасына қосылатындығына оқушының көзін жеткізді. Кейіннен ауылдан біржола кетіп, ұяластарына қосылып, тағылық істерге баруы,  ауыл адамдарының мазасыздағы мен Құрмаштың өлімі-оның шын мәнінде табиғаты өзгеше жабайы аң екендігін көрсетті. Алайда,Көксеректің осындай дүлей күшке айналып, өзін жақсы көрген Құрмашты танымауына не себеп болды?

     Оған, менің ойымша,Көксеректің көзін ашқаннан ауыл иттері мен адамдарынан көрген жәбір, жазасы, қорлығы оның осындай жойқын  тағылық істерге барып, жыртқыш аңға айналуына себепші болды. Әрі оның  көп күн ас ішпеген ашқарақтығы жеңді.

   Бұл әңгімеде түз тағысы қасқырлар мен адам арасындағы қарым-қатынастын бұзылуы мен іс-әрекеттеріндегі ұқсастық шынайы суреттелген. Адамдар дала тағысынан да асқан қатігез, қиянат істерге бара алатындығы көрсетілген. Расында да, адамдардың кейбірі өзінің өскен ортасына, бары мен нәрін алып отырған табиғат-анамызға  көп қиянат жасауда. Ал жазушының Мұхтар Әуезов осы  “Көксерек’’ әңгімесінде қасқырлар өмірін суреттей отырып, оның өз мінез-құлқы, өзіне тән табиғат қасиеттері барлығын баса көрсеткен. Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар,  оны адамдар түсіне  білсе екен деген ой тастайды.Сол заңдылықты, сол ерекшелікті адамдар бұзбау керек.Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік сақталуы  тиіс. Егер сол үйлесілімділік  пен байланыс бұзылса, сақталмаса,үлкен зардаптарға,

қиянатқа ұшырайтындығымызды есте сақтауымыз қажет.

     Мен  де осы әңгімеден көп ой түйіп, тәлім-тәрбие алдым.  “Табиғат-екінші үйіміз’’ оны қорғап, сақтап, аялауымыз керек.

Таңсұлу МҰҚАНОВА, 7 «в» сынып оқушысы